Тарифтік жоспар
Қосылған пакет |
ALTEL GSM желісінің ішінде қоңырау шалу |
ШЕКСІЗ |
ALTEL GSM желісінің ішінде SMS жіберу |
300 SMS күніне |
Интернет-трафик, 1Мб |
7 GB |
ҚР ұялы операторларына минуттар |
100 минут айына |
Трафиктен асып кету және басқа қосылулар құны |
Интернет-трафик, 1Мб |
0 теңге |
ALTEL GSM желісінің ішінде қоңырау шалу, 1 мин |
0 теңге |
ALTEL GSM желісінің ішінде 1 SMS жіберу |
3 теңге |
ҚР ұялы операторларына 1 SMS |
8 теңге |
ҚР ұялы операторларына 1 мин |
10 теңге |
ҚР қалалық нөмірлерге қоңырау шалу, 1 мин |
3 теңге |
Барлық тарифтер ҚҚС қоса есептегенде көрсетілген.
Дауысты қосылуларды тарифтеу - 1 секунд.
Деректерді жіберуді тарифтеу - 1 Килобайт.
Тарифті қосу
- Теңгерімді тексеру - *111#
- Тегін топтаманың қалдығын тексеру - *807#
- Тарифті қайта қосу пәрмені - *808*0*0#
Қайта қосу – тарифтік жоспарда қорды жаңарту, тариф шеңберінде берілген трафик көлемінен асқан кезде қолдануға болады. Қайта қосуды жүзеге асыру үшін теңгерімде осы тарифтің абоненттік төлемінен кем емес сома болуы керек. Тарифті қайта қосу Жеке кабинетте немесе USSD-пәрмен арқылы жүзеге асыруға болады
Абоненттік төлем кезеңінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тарифтік жоспар шеңберіндегі Интернет трафик көлемінен асып түскен жағдайда, тарифтік жоспарды немесе қосымша BOOSTER интернет-пакетін қосқан сәтке дейін Интернетке шығу қол жетімсіз болады
Сіз кез келген уақытта Жеке кабинетте немесе USSD пәрмені арқылы ағымдағы тарифті ауыстыра аласыз, бұл ретте ағымдағы тарифтік жоспары бойынша қызмет көрсету шарттары және пайдаланылмаған трафик нөлденеді және СУПЕР SMART+ тарифінің шарттарына сәйкес шығынға жазылған абоненттік төлем қайтарылмайды.
Жеке кабинетке қатынау тарифтелінбейді және кез келген теңгерімде ашық болады.
Тарифтеу параметрлері туралы ақпарат
- Смартфоныңыз модем режімінде жұмыс істеуі үшін «Интернет тарат» қызметін қосу қажет.
- Пирингтік файлалмасу желілерін (BitTorrent және т.б.), VPN қосылуларды пайдалану 128 Кбит/сек дейін шектелуі мүмкін.
- Деректерді жіберу жылдамдығын тексеру үшін http://www.speedtest.net/ сайтын қолдануды және баптауларда Almaty ALTEL, Almaty Kazakhtelecom немесе Astana Kazakhtelecom серверін таңдауды ұсынамыз. Бұл жағдайда, жылдамдықты тексеру үшін пайдаланған интернет-трафик есептелмейді және тарифтелінбейді. SpeedTest сайтындағы басқа серверлерді таңдағанда интернет- трафиктің тарифтелуі тарифтік жоспардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Абоненттік төлемді шығынға жазу
- Абонеттік төлемге тең 990 теңге (немесе артық) сомасына теңгерімді толтырғанда СУПЕР SMART+ тарифі бойынша абоненттік төлем автоматты түрде шығынға жазылады және ағымдағы тарифтік жоспарыңыздың талаптары бойынша байланыс қызметін көрсету қайта басталады. Келесі абоненттік төлемді шығынға жазу 30 (отыз) күнтізбелік күннен кейін жүргізіледі.
- Абоненттік төлемді шығынға жазу сәтінде жеткіліксіз болатын 990 теңгеден кем сомаға теңгерімді толықтырғанда абоненттік төлем шығынға жазылмайды, трафиктің қосылған топтамасы есептелінбейді және байланыс қызметі стандартты шарттар бойынша көрсетіледі:
- ALTEL желісінің ішіндегі қоңыраулар - 3 тг/мин, ALTEL желісінің ішіндегі SMS – 3тг/1 SMS.
- Тарифтік жоспарды бірінші рет ауыстыру - тегін, келесі ауыстырулардың құны – 99 теңге.
Қосымша ақпарат
- ALTEL желісінің ішінде күнделікті 300 SMS беріледі. Пайдаланылмаған SMS нөлденеді және келесі күнге ауыстырылмайды.
- Топтамаға қосылған ҚР ұялы операторларына 100 минут абоненттік төлемді шығынға жазған сәтте 30 күнде 1 (бір) рет есептелінеді. ҚР ұялы операторларына 30 (отыз) күн ішінде пайдаланылмаған минуттар нөлденеді.
- Трафиктен асып кету құны стандартты шарттарға сәйкес тарифтелінеді – 3тг/1 SMS, ҚР ұялы операторларына 10 тг/мин.